Басты бет Басты Бірлік Студенттер бөлімі

Мамандар бөлімі

МАМАНДАР БӨЛІМІ

001

Бүгінде қызметкерді есепке кіргізу, тіркеу және шығарып салу істерін жүзе­ге асыратын кадрлар бөлімі жоқ бірде-бір зор табысқа жеткен компанияны естіп-білу мүмкін емес.

Осы аймақтағы жетекші білім беру мекемелерінің бірі, сондай-ақ заң сала­сындағы мамандандырылған жоо ретінде Академия қазіргі жағдайда білім беруді модернизациялау үшін басқару және білім таратуға, ең соңғы техно­логияларды пайдалануға, еліміздегі заң жүйесінің ең озық тәжірибесін жи­нап, жүзеге асыруға байланысты өте тиімді оқыту жүйесін құру мәселелерін шешуі керек.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру жоо-ның мамандар әлеуетіне, мамандарды да­ярлау деңгейіне және дер кезінде олардың біліктілігін арттыру мәселелеріне байланысты. Болашақ мамандарды сапалы даярлау, Академияның ғылыми тіршілігі, сол сияқты оқу үдерісіне жаңа технологияларды және коммуника­ция тәсілдерін енгізу істерін жүзеге асыратын академияның арнайы – ма­мандар бөліміне штатқа жоғары білікті мамандарды алып, жиі-жиі олардың қайта даярлау мен біліктілігін көтеру тәрізді ерекше міндет жүктелді.

Бұл бөлім жалдау, жұмыс шарттарымен, құқықтарымен әрі міндеттерімен таныстыру, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және ішкі нормативтік қалыптарға сай ынталандыру жұмыстарын нақты және ашық жүргізеді.

Академияның мамандар саясаты академияға шәкірттерді терең біліммен, кәсіби біліктіліктің жоғары деңгейімен және зерттеу дағдыларымен қамта­масыз етуге мүмкіндігі бар, кәсіби біліктілік талабына сай келетін республи­камыздағы кәсіби әрі зияткерлік әлеуеті жоғары ең жақсы мамандарды жи­нап алуға бағытталған.

Бүгінде мамандар жұмысы қызметкерлердің кәсіби қабылеттерін барынша пайдалануға бағытталған ұйымдастырушылық шаралар мен сауатты қа­дамдар кешенінен тұрады. Қазіргі таңда академияда 20 ғылым докторы, 45 ғылым кандидаты жұмыс істейді.

27 жыл ішінде Академия өте ауыр сынақтан өтті. Өткен жылдар бізге даму стратегиясының дұрыстығы мен мамандарды басқарудың қалыптасқан үл­гісінің тиімділігін көрсетті. Кадрлар бөлімі барлық қызметкерлерді Акаде­мияның мерейтойымен құттықтайды, жарқын күндер, қоғамдық қолдау, жаңа шығармашылық табыстар мен әр үйде амандық, тыныштық болуын тілейді!

 

 

 

Жаңалықтар

Құрметті талапкерлер!
01.04.2021 Толығырық...
Онлайн дәріс «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар»
12.02.2021 Толығырық...
Құрметті әріптестер!
02.02.2021 Толығырық...
Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 109 жыл
12.01.2021 Толығырық...
«Үздік студент – 2020»
04.01.2021 Толығырық...
Студенттер "АНА" компаниясының бас директорымен онлайн кездесуі
04.01.2021 Толығырық...
Дөңгелек үстел: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту шаралары»
26.12.2020 Толығырық...
Электронды темекінің жалмаған жалыны
22.12.2020 Толығырық...
Хабарландыру: Құрметті әріптестер мен студенттер!
22.12.2020 Толығырық...
«Тұлғаның құқықтық мәртебесі» атты дөңгелек үстел
09.12.2020 Толығырық...
«Қашықтықтағы режимдегі оқыту орны» тақырыбы бойынша үздік фото байқауы
07.12.2020 Толығырық...
«Ауыл» партиясымен бірге «Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік бейімделуі» атты тақырыпта онлайн дөңгелек үстел өтті
27.11.2020 Толығырық...
Онлайн дәріс «Деструктивті діңи ағымның белгілері»
27.11.2020 Толығырық...
«Абай және жастар» атты онлайн кездесу
25.11.2020 Толығырық...
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция
19.11.2020 Толығырық...