Студенттер қатарына қабылдау-2019
- Толығырақ
-
Категория: Жаңалықтар
-
Қаралды: 195
Студенттер қатарына қабылдау-2019
2019 жылдың 30 қазан күні Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен Еуразиялық заң академиясының бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті. Мереке фуршеттен басталып, «Ұят емес» түнгі клубында өткізілді. Салтанатты ашылу рәсімі Академиямыздың проректорларының құттықтау сөзінен басталды. Оқытушылар мен студенттер арасында түрлі ойындар ойнатылды.
Инстаграм әлеуметтік желісінің көмегімен кешіміздің Мисс және Мистерін таңдап алып, оларды марапаттау рәсімі өткізілді. «Мисс -2019» 1-курса студенті-Даулетова Айым, «Мистер -2019» 1-курса студенті -Муканғали Ерлік жеңімпаз атанды. Мереке соңына дейін қонақтардың көңілін қаламыздың үздік рэперлері HIRO `Hirosima, ЖЕТІ x De LaCure, NURIK SMIT және қалаға танымал ди-джейлерінің музыкасы мен мамандандырылған суретшілер ат салысты. Кеш соңында жүргізуші ең үздік бишілерге сыйлықтарды тарту етті.